Post by JSC «Tau-Кen Samruk» National Mining Company

5,022 followers

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАҢҒАЖАЙЫП КЕН ОРЫНДАРЫ ​📍Olympic Dam (Аустралия) ​Әлемдегі ең ірі мыс және уран кен орындарының бірі. Сондай-ақ мұнда алтын, күміс және темірдің де қомақты қоры бар. BHP компаниясы мен Geoscience Australia агенттігінің мәліметтері бойынша, бұл — әлемдегі ең ірі полиметалл кен орындарының бірі. ​📍Салар-де-Уюни (Боливия) ​Ауданы 10 000 км² асатын планетамыздағы ең үлкен сор. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, Боливия Салар-де-Уюни сорында шоғырланған литий ресурсының көлемі бойынша әлемде алдыңғы қатарлардың бірінен көрінеді. Жаңбырлы маусымда сор бетін жұқа су қабаты алып, ол әлемдегі ең үлкен айна тәрізді беткейге айналады. ​📍Грасберг (Индонезия) ​Теңіз деңгейінен 4000 метрден астам биіктікте орналасқан әлемдегі ең биік таулы мыс және алтын кен орындарының бірі. Кен орнын игерумен PT Freeport Indonesia компаниясы айналысады. ​📍Чукикамата (Чили) ​Өндіріс көлемі, аумағы және тереңдігі бойынша әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірі. Оны әлемдегі ең ірі мыс өндіруші мемлекеттік Codelco компаниясы пайдаланады. ​📍Наика (Мексика) ​2000 жылы кенішті игеру барысында ұзындығы 10 метрден асатын гипс кристалының формасы — алып селенит кристалдары бар бірегей «Кристалдар үңгірі» табылды. Бұл — Жер бетінде табылған табиғи тектегі ең ірі кристалдар. Үңгірдегі экстремалды жағдайлар — 45-65°C температура мен 100%-ға жуық ылғалдылық адамдардың арнайы жабдықсыз іште болуына мүмкіндік бермейді. ​📍Мир (Якутия, Ресей) ​ХХ ғасырдағы ең ірі алмаз кен орындарының бірі. «Мир» карьері алмаз өндіру саласының символы болды және КСРО экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқарды. Бірнеше рет орын алған апаттарға байланысты кеніш 2017 жылы консервацияланды.

Post contentPost contentPost contentPost contentPost contentPost contentPost content