Post by Samruk-Kazyna Ondeu
2,113 followers
Қалдықтан өнімге: Қор кәсіпорындарындағы waste to product әлеуетін зерделеу ⠀ Waste to product тұжырымдамасы өндірістік қалдықтарға деген дәстүрлі көзқарасты өзгертіп, оларды жаңа өнімдер мен шешімдердің көзіне айналдырады. ⠀ Осы бағыт аясында SK Ondeu компаниясы EPSE Oy компаниясымен бірлесіп бірқатар жұмыс кездесулері мен өндірістік алаңдарға іссапарлар ұйымдастырды. Делегация «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерімен бірге «Хорасан-2» кенішіне («Baiken-U» ЖШС), «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ өкілдерімен бірге «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытына барды, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-1 нысанына барып, күл-қож үйінділерін қарады. ⠀ Сапарлар барысында EPSE технологияларын өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, ағынды суларды тазарту және сирек металдарды қоса алғанда, құнды компоненттерді алу тұрғысынан қолдану мүмкіндігі бағаланды. Келесі кезең — ұсынылған шешімдердің технологиялық және экономикалық тиімділігін растау үшін пилоттық сынақтарды пысықтау. ⠀ Мұндай бастамалар ESG күн тәртібін тікелей қолдайды: экологиялық жүктемені төмендетуге, ресурстық тиімділікті арттыруға ықпал етеді және жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады. 🟢 От отходов к продукту: изучение потенциала waste to product на предприятиях Фонда ⠀ Концепция waste to product меняет традиционный взгляд на промышленные отходы, превращая их в источник новых продуктов и решений. ⠀ В рамках данной повестки SK Ondeu совместно с компанией EPSE Oy провели ряд рабочих встреч и выездов на производственные площадки. Делегация посетила рудник «Хорасан-2» (ТОО «Baiken-U») совместно с представителями АО «НАК «КазАтомПром», аффинажный завод ТОО «Тау-Кен Алтын» совместно с представителями АО «НГК Тау-Кен Самрук», а также состоялся выезд на Экибастузскую ГРЭС-1 с посещением золошлаковых отвалов. ⠀ В ходе визитов проведена оценка применимости технологий EPSE для переработки промышленных отходов, очистки сточных вод и извлечения ценных компонентов, включая редкие металлы. Следующий этап — проработка пилотных испытаний для подтверждения технологической и экономической эффективности решений. ⠀ Такие инициативы напрямую поддерживают ESG-повестку: способствуют снижению экологической нагрузки, повышению ресурсной эффективности и открывают новые экономические возможности.
Video Content