Post by ICF Kazakhstan Chapter

301 followers

Астанада халықаралық коучинг апталығы аясында мемлекеттік тілдегі алғашқы коучинг тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ICF Kazakhstan бөлімшесі мен Maqsut Narikbayev University бірлесіп өткізген бұл кездесу алғаш рет толықтай қазақ тілінде жүргізіліп, кәсіби диалог пен коучинг мәдениетін дамытуға жаңа серпін берді. «Коучингтік білім беру мен ғылымды дамыту құралы» тақырыбындағы жиында коучингтің жоғары білім беру жүйесіндегі рөлі, ғылыми ортадағы зерттеу мәдениетін қолдау, стратегиялық ойлау мен тиімді коммуникацияны дамыту мәселелері талқыланды. Іс-шараның модераторы ретінде ICF Kazakhstan Chapter ұйымының қазақ тіліндегі коучингті дамыту және ілгерілету жөніндегі директоры Ғалымбек Бермағанбетов қызмет көрсетті. Дөңгелек үстелге жоғары білім беру саласының жетекшілері, халықаралық жобалар өкілдері, ғылыми және бизнес қауымдастық мүшелері, БАҚ және кәсіби коучтер қатысты. Спикерлер қатарында Әсел Әбілдаева, Әлібек Мәдібеков, Дәурен Бимов, Ғабит Бөкенбай, Назгүл Күнбатырова, Санат Қожахмет және Әсия Әбілдина болды. Қатысушылар бүгінгі білім беру жүйесінде кәсіби біліммен қатар көшбасшылық, ынтымақтастық, эмоциялық интеллект және өзгерістерге бейімделу қабілеттерін дамыту маңызды екенін атап өтті. Осы тұрғыда коучинг тәсілдерінің білім беру мен ғылым саласына енгізілуі уақыт талабы екені айтылды. Бұл кездесу коучингтің білім, ғылым және басқару мәдениетін дамытудағы маңызын тағы бір мәрте көрсетті және қазақ тіліндегі кәсіби контенттің дамуына маңызды үлес қосты. #ICFKazakhstan #InternationalCoachingWeek #ICW2026 #Coaching #ҚазақТіліндегіКоучинг #MNU #Leadership #Education #Science #CoachingCulture

Post content