Post by Almaty International Airport
6,133 followers
Алматы халықаралық әуежайында алғаш рет Jet A-1 авиациялық жанармайы қолданысқа берілді Бүгін Алматы халықаралық әуежайында алғаш рет Uzbekistan Airways әуе компаниясының әуе кемесіне Jet A-1 маркалы авиациялық жанармайы құйылды. Авиациялық отынды «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қамтамасыз етті. Бұл оқиға Қазақстанның авиациялық отынмен қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Jet A-1 жанармайын жеткізудің жаңа тәсілі - халықаралық әуе компанияларына қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтіп, логистикалық үдерістерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, авиация саласының одан әрі дамуына жол ашады. Алматы халықаралық әуежайы инфрақұрылымды жаңғыртуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және заманауи шешімдерді енгізуге тұрақты түрде инвестиция құйып келеді. Бұл Алматының Орталық Азиядағы жетекші авиациялық және көлік-логистикалық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Video Content